29.09.2022, 15:20

Елімізде интернет неге баяу істеп тұрғаны белгілі болды

Фото: ашық дереккөз
Бұл жағдай елдің барлық аймағындағы интернет жұмысына әсер етеді.

Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері интернеттегі ақау қайдан шыққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін таңертең Қазнетке ауқымды кибершабуыл жасалды. Бұл жағдай елдің барлық аймағындағы интернет жұмысына әсер етеді", - деді МТҚ өкілдері.

Қазір МТҚ техникалық мамандары қатерлерді жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда интернет дұрыс істемей жатқаны хабарланған болатын.