05.10.2022, 23:11

Алматы облысында жолаушылар пойызы адам қағып кетті

Жыл басынан бері көліктегі полицейлер темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 34 019 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Алматы – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті, деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 3 қазанда болған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Аталған факті бойынша Алматы-1 станциясының желілік полиция бөлімі Қазақстан Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі – "Темір жол көлігін пайдалану немесе жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзудың абайсызда адам өліміне әкелуі" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деді полициядағылар.

Жыл басынан бері көліктегі полицейлер темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 34 019 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Тегтер: Алматы поезд