$ 494.87  520.65  4.91

Кентауда жүзден аса адам астан уланып қалды

Науқастардың арасында 5 жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы бүгінгі таңда орташа ауыр.

Түркістан облысында 100-ден астам адам астан уланып қалды. Олар 6-9 қазан аралығында Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінен тапсырыспен суши, пицца, фри және чикен алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанованың айтуынша, астан уланғанына шағымданған жалпы 145 адам келіп тіркелген. Оның 98-і ауруханаға жатқызылған. Яғни Түркістан қаласындағы ауруханаға 31 науқас, Кентау қаласындағы ауруханаға 67 науқас жатқызылған. Науқастардың арасында 5 жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы бүгінгі таңда орташа ауыр. Сондай-ақ 47 науқас амбулаторлық деңгейде тексерілуге жіберілген. Басылымның жазуынша, инфекцияның нақты қандай тағамнан тарағаны әзірге белгісіз. Барлық тағамнан зертханалық сынамалар алынған. Бұл жайттан кейін қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылған. Полиция аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастаған. 

Сондай-ақ Кентау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен полиция бөлімі аталған нысанға жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Нәтижесінде кәсіпкердің қажетті санитарлық құжаттары мен аспаздардың медициналық тексеруден өткені туралы анықтамалары жоқ болып шыққан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары