$ 486.44  534.31  5.06

Еліміздің бірнеше өңірінде нан бағасы 400 теңгеден асты

Министр қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін іс атқарылатынын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Еліміздің үш өңірінде нанның бағасы 400 теңгеден асады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министр қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін іс атқарылатынын айтты. Сонымен бірге бағаның күрт көтерілуіне негіз жоқ деп отыр.

Тұрақтандыру қорына биыл млн тонна астық жинау жоспарланған. Оның 900 мың тоннасы бидай болады.

Статистика бюросының мәліметінше, қаңтарда 275 теңгеге сатылған жоғары сортты бидай ұнынан пісірілген нан өткен айда 341 теңгеге дейін қымбаттаған. Әсіресе Көкшетеу, Қарағанды мен Шымкентте құны 400 теңгеден асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары