$ 448.15  483.46  4.86

Жәнібек Әлімханұлы Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы – WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Америкалық журналист Аурелио Морено өзінің Youtube-арнасында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) титулдық перспективалары туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналистің мәлімдеуінше, егер Жәнібек Әлімханұлы шын мәнінде лайықты жекпе-жекке шыққысы келсе, 168 фунт дәрежесіне көтерілуге мәжбүр. Өйткені дәл қазір 160 фунтта сес көрсетерлік қарсылас жоқ.

“Головкин мен Чарло бар, бірақ екеуі де Әлімханұлына қарсы бақ сынасқысы келмейді. Кім біледі, бәлкім,  қазақстандық спортшы Бентлимен жекпе-жектен кейін Андраде, Бенавидес, Моррель, "Канеломен" күресу үшін супер орта салмаққа көтеріледі. Бұлар бокс аренасындағы беделді тұлғалар және олармен жекпе-жекке шығу 160 фунт салмақта айқасуға қарағанда қомақты қаржы әкеледі. Сондықтан Әлімханұлына 160-та ғана емес, 168 фунтта шығуға кеңес берер едім”, - дейді Морено.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы – WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары