$ 498.34  519.72  4.85

ІІМ Жаңаөзенде бірін-бірі қуып жүрген полицейлер туралы видеоға түсініктеме берді

Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде.

Ақпараттық порталдардың бірінде полиция қызметкерінің тағы бір полицейдің соңынан қуып бара жатқаны жайлы видео пайда болған еді. Бұл видеоға қатысты еліміздің Ішкі істер министрлігі ресми Telegram-арнасы арқылы пікір білдірді.

Видеоны Lada.kz сайты жариялады. Басылымның мәліметінше, видео Жаңаөзендегі автотұрақтардың бірінде түсірілген. "Видеода полиция қызметкері бұған дейін өзі хаттама толтырған құқық бұзушының артынан жүгіріп барады. Қашып бара жатқан ер адам да полиция қызметкері", - деп жазды басылым. ІІМ қашып бара жатқан ер адамның полиция қызметкері екенін растады. 

«6 қазан күні сағат 12.00-де Жаңаөзен қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген Toyota Crown автокөлігін тоқтатты. Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Материал сотқа жіберілді», – деді ведомстводағылар.

Сонымен қатар қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде. Аталған қызметкердің іс-әрекетін тәртіптік комиссия қарастыратын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары