$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола тұрғыны Instagram-дағы сілтемені басам деп 5 миллион теңгесінен айырылды

Оның телефонына бір консультанттан қоңырау түскен.

Ақмола облысында әйел алаяқтардың құрығына түсіп қалды. Әлеуметтік желідегі сілтеме арқылы өткен ол 5 миллион теңгесінен айырылған, деп хабарлайды Polisia.kz басылымы. 

Интернеттегі алаяқтарға алданған әйел 11 қазанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына арыз түсірген. Айтуынша, 2022 жылдың қыркүйегінде Instagram әлеуметтік желісінде қаржыны көбейту және дивидендтер алу мүмкіндігі туралы хабарлама назарын аударған. Аталған сілтеме бойынша өтіп, шағын сауалнаманы толтырған ақмолалық әйел бағдарламаға тіркелген, сол мезетте оның телефонына бір консультанттан қоңырау түскен.

Күні бойы алаяқтар өтініш берушіні барлық нұсқауларды орындау және ақша аудару қажет деп сендірген. Осы бағдарламаның заңдылығы туралы сұрақтарға алаяқтар деректемелері бар құжаттар ұсынған. Талап етілген соманы аудару үшін өтініш беруші депозиттегі жинақтарды пайдаланып, достарынан қарыз алған, сондай-ақ банкте несие рәсімдеген. Алаяқтарға аударылған жалпы сома 5 миллион теңгеден асады.

Бұл фактіні полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында хат-хабарлар, қоңыраулар түскен телефон нөмірлері тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары