Британдық боксшы Крис Юбэнк кіші (32-2, 23 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шығуды көздеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Журналистердің бірі Юбэнкке блиц форматында қарсыласын қысқаша сипаттауды ұсынды, ал британдық спортшы Головкинді атады.
“GGG – менің келесі қарсыласым”, – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі қыркүйек айының ортасында өтті. Ол мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңіліп қалды.
Крис Юбэнк ақпан айында рингке шығып, жерлесі Лиам Уильямсты жеңді (23-4-1, 18 КО).