$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеуден Астанаға қатынайтын рейс тоқтатылды

Ресейлік әуекомпания жолаушыларға билет ақшасын қайтарып беруге мәжбүр.

Қазақстан бүгін Мәскеуден Астанаға қатынайтын рейстің ұшуына рұқсат берген жоқ, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.

Азимут авиакомпаниясының клиенттері алған хабарламаға сәйкес, бұл жағдайға «Қазақстан Республикасының рейсті орындауға рұқсат бермеуі» себеп болып саналады.

«Внуково» әуежайының онлайн-таблосына сәйкес, А4 7003 рейсі бүгін сағат 22:50-де Мәскеуден Қазақстан астанасына ұшуы керек еді, бірақ жоғарыда айтылған жағдайға байланысты рейс тоқтатылды.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйек күні ішінара мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Осыдан кейін Ресейде шетелге қатынайтын кез келген бағыттағы әуе рейстері күрт қымбаттап кетті. Ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік келгені анықталды.

Жуырда Қазақстанға сапарынан кейін Владимир Путин Ресейдегі мобилизация екі аптадан кейін аяқталуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, әскерге 220 000-нан астам адам шақырылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары