$ 443.37  474.49  4.83

Назарбаев ашқан мешіт ескерткіштер қатарына қосылмақ

Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азиядағы үлкен мешіттердің бірі болып саналатын мешітті 12 тамыз күні Назарбаев ашқан еді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Осыдан екі ай бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ашқан бас мешіт Астана ескерткіштерінің қатарына кіргізілмек, деп хабарлайды ҚазТАГ ақпарат агенттігі. 

«Астана ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі туралы қаулыға реттік нөмірі 43, 44, 45 болатын келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: Тәуелсіздік сарайы, 2008 жыл; Бейбітшілік және келісім сарайы, 2006 жыл; Қазақстан Республикасының бас мешіті, 2022 жыл», - делінген Астана әкімдігі қаулысының жобасында.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азиядағы үлкен мешіттердің бірі болып саналатын мешітті 12 тамыз күні Назарбаев ашқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары