Елорда полицейлері бірнеше мәрте ұрлық жасаған қызды Қарағандыда ұстады. Жас қыз Қазақстан аумағында бірқатар ұрлық жасады деп күдіктелуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 жастағы күдіктіні Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағандыда ұстады.
Тамыз айында елорда базарының аумағында болған кезде сатып алушының сөмкесінен 930 мың теңгесін ұрлап кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, ұрлық алдында ол жеке қажеттіліктері үшін несие алған.
Күдікті айналасындағыларға күдік тудырмау үшін хиджаб киіп, әрекет еткен.
Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында ұсталған азаматшаның елдің басқа да аймақтарында ұрлық жасағаны анықталды. Қазіргі уақытта ұры қамауға алынды.