$ 540  630.72  6.72

Қостанайда ваннадан жылан шықты (ВИДЕО)

Мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты.

Полицейлер Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Үйдегі ваннаның ішінен ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз, ол біреулердің үй жануары болған тәрізді", – деді учаскелік Асқар Ментаев.

Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты.

Полицейлер жыланды қаладан алып шығып, табиғи ортаға шығарды. Қазан-қараша айларында сужыландар әртүрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп қыстайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары