$ 494.87  520.65  4.91

Жаңадан құрылған екі облыстың әкімдіктеріне 13 автокөлік табыс етілді

Мемлекеттік мүлік және мемлекеттік мүлікті қабылдау-тапсыру актісімен екі облыстың коммуналдық меншігіне 2008-2012 жылғы 13 Mercedes-Benz пен Skoda автокөліктері берілді.
Сурет: Instagram/ulytauregion
Сурет: Instagram/ulytauregion

ҚР Президентінің іс басқармасы жаңа екі облыстың әкімдіктеріне 13 көлік табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңадан құрылған Абай және Ұлытау облыстарының әкімдері ҚР Президентінің іс басқармасына көлікпен қамтамасыз етуге және автокөліктерді коммуналдық меншікке беруге көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді.

"Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы облыстардың сұранысын қолдап, өтініштер негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және мемлекеттік мүлікті қабылдау-тапсыру актісімен екі облыстың коммуналдық меншігіне 2008-2012 жылғы 13 Mercedes-Benz пен Skoda автокөліктері берілді: Ұлытау облысына – 8 көлік, Абай облысына – 5 көлік", ҚР Президенті іс басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Қазақстанда құрастырылған көліктерді қосымша бөлу арқылы жаңа өңірлерге қолдау көрсету мүмкіндігін қарастырып жатқаны мәлім болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары