21 қазан күні Ақсу қаласының кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларға дене жарақатын келтірген №12 балабақшаның тәрбиешісінің үстінен полицияға арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ата-аналардың бірі баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді байқап, балабақшаның бейнебақылау камерасын тексергенде, қарауға келіп, тәрбиеші баласын қалай ұрып-соғып жатқанын көрген, деп жазды әлеуметтік желідегі парақшалардың бірі. Кейін тәрбиеші басқа да балаларды ұрып-соққаны белгілі болды.
"Осы өтініш бойынша полиция тексеруді бастады. Бейнежазбалар алынды. Қарау кезінде балабақша қызметкері кәмелетке толмағандарды ұрып-соққаны анықталды",- Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері бұл факті бойынша 44 жастағы тәрбиешіге қатысты ҚР ҚК-нің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
"Сондай-ақ мектепке дейінгі мекеменің басшысына қатысты тәртіптік шара қабылдау үшін облыстық білім басқармасына жіберілетін болады", - деп атап өтті Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.