22.10.2022, 23:20

Шавкат Рахмоновтың UFC турнирі алдындағы жаттығуының видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Әлемдегі үздік промоушн UFC-де өнер көрсететін танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов жаттығу видеосын көрсетті.

Әлемдегі үздік промоушн UFC-де өнер көрсететін танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов жаттығу видеосын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әбу-Дабиде өтетін UFC 280 турнирі алдында Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жеңіл жаттығу өткізді.

Видеоны төменнен қарауға болады.

Бұған дейін Рахмоновтың Ислам Махачев пен Чарльз Оливейра арасындағы жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жегі турниріне қатысатыны хабарланған болатын.

Соңғы жекпе-жекте Шавкат америкалық Нил Магниді тұншықтыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңген болатын.