$ 447.4  477.55  4.76

Әлем мойындаған даңқты қазақ Мұстафа Өзтүріктің ескерткіші қоқыста жатыр

Видео авторы еліміздің спорт саласы үшін барын салған азаматтың әруағынан ұят болды дейді.

Таэквондадан қара белбеу иегерінің тас мүсіні Алматы облысының Талғар ауданындағы ескі карьерлердің бірінде тұр, деп хабарлайды Экспресс К.  

Newscorr-ға видео жолдаған тұрғынның айтуынша, Мұстафа Өзтүріктің ескерткіші Талғар өзенінің бойындағы қараусыз қалған карьерде тұр.

Видео авторы еліміздің спорт саласы үшін барын салған азаматтың әруағынан ұят болды дейді.

"Мынау не сұмдық! Таэквондодан әлемнің 7 дүркін чемпионы, 7-ші дан иегерін осынша қорлауға бола ма? Бір дұрыс жер тауып, тұғырға орнату қажет қой", - дейді ол.

Мұстафа Өзтүрік Түркия жерінде туып-өскен қандасымыз. Тхэквондо жекпе-жек өнерін алғаш рет қазақ жеріне әкелуші, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұстаз, ұлт жанашыры етінде тарихта қалды.

Ал ескерткіштің тағдырына келетін болсақ, бұл мүсін Талғар ауданындағы Бесағаш ауылына қойылған екен. Бірақ жасалу шеберлігі жағынан жұртшылықтың көңілінен шықпаған соң 2014 жылы оның орнына Мұстафа Өзтүріктің жаңа ескерткіші қойылған. Ал ешкімге керексіз болып қалған мына ескерткіш сол алғашқы мүсін болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары