Астанада 14 жастағы жасөспірім қыз 19-қабаттан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қараша күні сағат 17.25-те Астана қаласы Алматы ауданының полиция бөліміне шұғыл хабар түскен.
Онда Қуанышбаев көшесінің бойында жасөспірімнің мәйіті табылғаны айтылған.
Тексеру барысында бұл факті расталды.
Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол - 19-шы қабаттан секірген 14 жасар қыз болып шықты.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп мәлімдеді полиция басқармасы.