$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің бірқатар өңірінде қарлы боран, көктайғақ болады

Оңтүстік батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Еліміздің 8 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады, қар ұшқындайды. түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда жауын-шашынды (жаңбыр, қар) ауа райы күтіледі, көктайғақ болу ықтималдылығы жоғары. Оңтүстік батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Таңертең Қарағанды облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін өңірдің солтүстік және шығыс жартысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15-20, кей тұста 23 м/с жетеді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстік жартысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, кей тұста - 25 м/с. Жезқазғанда күндіз оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Алакөл ауданында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болып, боран соғады, қар ұшқындайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары