Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Талғар өзенінің жағасындағы карьер аумағында тұрған Мұстафа Өзтүріктің мүсіні туралы түсініктеме берді.
«Таэквондодан 7 мәрте әлем чемпионы Өзтүрік Мұстафаның шәкірті Қайыр Мейірбеков 2004 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында Өзтүрік ескерткішін орнатпақшы болып, алғашқы нұсқасын әкеліп орнатады. Алайда ескерткіш пропорциялары дұрыс болмай комиссия шешімімен алынып тасталған. 2014 жылы Талғар ауданы Бесағаш ауылдық мәдениет үйінің жанынан Өзтүріктің жаңа ескерткіші орнатылды» деп жазылған әкімдік мәліметінде.
Әкімдік ақпаратына сүйенсек, желіде жүрген видео мүсінді жоюға апарар кезде түсірілген.
«Ал мына видеодағы контейнер жанында тұрған Өзтүрік ескерткіші - пропорциялары сәйкес келмей алынып тасталған алғашқы нұсқасы. Сурет мүсінді жоюға апарар сәтінде түсіріп алынған», - деп жазады басқарманың баспасөз қызметі.