Бүгіндері Амманда (Иордания) бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыстың алғашқы айналымында үш қазақстандық жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.
48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Санжар Ташкенбай өзбекстандық Асылбек Жалиловпен кездесті. Төрешілер берген 5:0 ұпайымен Санжар жеңімпаз деп танылды.
Осылай 19 жастағы жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы осы жарыстағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы есепті теңестірді. Алдында Санатәлі Төлтаев өзбек боксшысына жол беріп қойған еді.
67 келіге дейінгі 1/8 финалда Дулат Бекбауов түрікменстандық Сапармырат Одаевпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек отандасымыздың пайдасына шешілді. Есеп: 5:0.
Осылайша Бекбауов турнирдің ширек финалына шықты. Алда ол қырғыз боксшысы Жакшылык Талайбековпен кездеседі. Ширек финал жекпе-жегі 6 қарашада өтеді.
Асланбек Шымбергеновтың 1/8 финалдағы қарсыласы филиппиндік Пианар Маржонды бірінші раундта-ақ 3:2 есебімен жеңіп, екіншісінде қарсыласын әуелі нокдаунға, кейін нокаутқа түсірді.
Енді жартылай финалға шығу үшін Асланбек тай боксшысы Фирапхат Есунноенді жеңген үндістандық боксшы Сачинмен жұдырықтасатын болады.
Қорыта келгенде, 2022 жылғы Азия чемпионатында жеті отандық боксшының алтауы додада қалып, бақтарын сынауды жалғастырады.