$ 443.44  480.51  4.88

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Үш адам қаза тапты.

Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Әулиекөл-Жолдама тасжолында болды. Ақсай ауылының маңында 26 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, көлік арыққа ұшып кеткен. Бұл ақпаратты полиция департаменті өкілдері растады.

"Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, арыққа аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол жүру ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті өкілдері.

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік шараларын сақтау керегін ескертеді. Облыста ауа райының қолайсыздығы байқалады. Осыған байланысты тасжолдарда патруль полиция бөлімшелері арттырылды. Жол қозғалысы қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге қызметкерлер көмек көрсетеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары