$ 494.87  520.65  4.91

«Петропавлда да апат»: Қала тұрғындары сусыз қалды

Шамамен бүкіл қалада су жоқ.

Петропавлда су құбырында апат болып, қала тұрғындары сусыз қалды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Петропавловск.news сайтының жазуынша, 6 қарашада қалада қар жауғаннан соң су құбыры бұзылған.

"Жұмабаев-Абай көшелерінің қиылысында диаметрі 800 миллиметр болатын су құбыры зақымданды. Қазір зақымдалған учаскеде суды өшіру жұмыстары жүргізілуде, сондықтан қалаға су беру қысымы төмендеді. Бір сағаттан кейін қысым тұрақтанады. Бірақ учаскеге жататын 10 үйде апат жойылған соң бір күннен кейін су пайда болады", – деп хабарлады қалалық су арнасының баспасөз қызметі

Қала орталығы (Колхоз базарынан "Рахмет" және Цумға дейін), вокзал ауданы, Жұмыс кентінде, Бензостройда (Береке), Пушкин-Интернациональная көшелерінің ауданында, 19-шағын ауданы мен "Уют" ауданында, әскери училище және Жамбыл көшесінде су беру тоқтатылды. Шамамен бүкіл қалада су жоқ.

Ескі мешіт, "Ажар" дүкені және № 10 мектеп ауданындағы тұрғын үй текшелерінде су өшірілмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары