$ 446.49  475.38  4.79

Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

Қазақтың ұлы әлем чем­пионы ретінде өзі­нің ал­ғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанып отырған қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзінің кезекті кездесуін бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұлыбританиялық Дензел Бентлимен өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Орта салмақтылардың рей­тин­гінде 14-орында тұрған Ден­зел Бентли Жәнібек Әлім­ханұлы алтын белбеуді иеленген бетте оны жекпе-жекке ша­қырған еді. Қандасымыз оның бұл ұсынысын қабылдады. Міне, енді қазақтың ұлы әлем чем­пионы ретінде өзі­нің ал­ғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Жәнібекке берді. «Қазақ стилі» WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары