Ақтаудағы атыстан кейін полиция алты күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.
"Ақтау қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдіктіні анықтап, ұстады. Осы оқиғаға қатысқандардың бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.
Еске сала кетейік, 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілген еді.
Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды.