ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 14 қарашада өткен брифингте Стамбулдағы терактіде қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі. Ол Бас консул губернатордан тікелей хабар алып отырғанын атап өтті. Жарылыстан кейін Стамбулдағы қазақстандық дипломаттар да жергілікті билікке хабарласқан.
"Жарылыстан кейін мән-жайды: қай жерде, қалай болғанын анықтау үшін біраз уақыт қажет болды. Түні бойы дипломаттарымыз кезекшілікте болды, барлық инстанцияларға қоңырау шалды. Олар жақын маңдағы барлық ауруханаларды аралап шықты. Бақытымызға орай, қайтыс болғандар арасында біздің азаматтар жоқ", деді Айбек Смадияров, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі
13 қарашада Стамбулда күшті жарылыс болды. Оқиға Истиклалдың жаяу жүргіншілер көп жүретін көшелерінің бірінде болған.
Түркия президенті Режеп Таийп Ердоған оқиғаны "бомбамен шабуыл" деп атап, алдын ала болжам бойынша, мұның бәрі теракт екенін айғақтайтынын атап өтті.
Соңғы мәліметтер бойынша Стамбулдағы жарылыстан зардап шеккендер саны 81-ге жетті.