Қызылорда облысында «Тұщықұдық» шекара жасағы Айдарлы елді мекенінің маңынан көкнәр алқабын тапты, деп хабарлады «Қазақпарат».
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кеше, яғни 3 тамыз күні Сырдария АІІБ қызметкерлері куәгерлердің көзінше алқапты өртеп жіберген.