$ 443.37  474.49  4.83

Қазақстан футбол құрамасы Біріккен Араб Әмірлігімен жолдастық кездесу өткізеді

Кездесу елорда уақытымен 21.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бүгін футболдан Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларының жолдастық кездесуі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу елорда уақытымен 21.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездескен еді. Оның 1-уі қазақстандық құраманың басымдығымен аяқталса, екеуінде қарсыластар жеңіске жетті.

1998 жылғы әлем чемпионатына екінші іріктеу сатысында В тобында сынға түскен Қазақстан сырт алаңда 1997 жылдың 12 қыркүйегінде аталған қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберсе, өз алаңында 3:0 есебімен басым түсті.

Ал 2000 жылдың 11 желтоқсанында өткен жолдастық кездесуде қазақстандық футболшылар қарсыласына 2:5 есебімен жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары