$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде тағы бірнеше актив мемлекет меншігіне өтуі мүмкін

Сондай-ақ, мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Қазақстанда тағы бірнеше актив мемлекетке берілуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет үйінде өткен экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия отырысында белгілі болды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, "Самұрық-Қазына" қорының басшылары қатысты.

"Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активін, сондай-ақ, мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажет заңдық және ұйымдастыру шараны пысықтауды тапсырды", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары