20.11.2022, 01:00

Алматыда оқушы қызды өгей әкесі пышақтап өлтірген

Әкесі 9 жасар қызын өлтіріп, 2007 жылғы өгей ұлын жарақаттаған.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, Алматыдағы пәтерлердің бірінде қантөгіс болған. Әкесі төртінші сыныптағы қызын пышақтап өлтірді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Экспресс К. 

«Оқиға Алматының Орбита-2 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Анық-қанығын білмеймін, бірақ көрші болған соң полицияның келгенін көрдік. Көршілер қыз бала көз жұмды деп жатыр»,- дейді алматылық тұрғын.

Ал қаза тапқан қыздың сынып жетекшісі қанды оқиға 18 қараша күні болғанын хабарлады.

«Ұстаздар мен мектептегі балалардың ата-аналары қыздың отбасына өз еріктерімен ақшалай көмек жинап жатыр»,- деп хабарлады оқушының ұстазы.

Қалалық полиция департаменті қылмысты растады. Әкесі 9 жасар қызын өлтіріп, 2007 жылғы өгей ұлын жарақаттағанын жеткізді.

«Бостандық ауданы полиция басқармасы ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. 9 жасар қызды өлтірді деген күдікпен оның 1979 жылғы әкесі ұсталды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Тегтер: Алматы