Украинаның бұрынғы Бас прокуроры Виктор Пшонка Қазақстанның азаматтығын алған жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz .
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қазақстан құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, 1954 жылы туған Пшонка Виктор Павлович Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтушілер мен уақытша тіркелгендер қатарында жоқ.
В.Пшонка Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүруге рұқсат алу және азаматтықты қабылдау туралы өтінішпен көші-қон полициясы бөлімшелеріне белгіленген тәртіппен хабарласқан емес.
«В.Пшонко Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу және белгіленген тәртіппен азаматтықты қабылдау үшін көші-қон полициясы бөлімшесіне өтініш бермеген. Қазақстан Республикасының халықты құжаттандыру мәліметтер базасындағы тегі Пшонко барлық тұлғалар тексерілді» делінген хабарламада.
Мұндай тексеруді ішкі істердің аумақтық органдары да жүргізді, көші-қон полициясы бөлімшелерінің өндірісінде В.Пшонка деген азаматқа қатысты материал жоқ.