$ 449.58  486.94  4.86

Бүгінге арналған ауа райы болжамы

Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, боран болады.

25 қарашада қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің жеті облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктер түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болатынын болжайды. Өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік шығысында тұман болады деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында боран соғып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда көктайғақ болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде батыстан, солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда батыстан, солтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстік шығысын қалың қар басады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында боран соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан соққан желдің 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жетеді. Өскеменде күндіз боран соғады. Күндіз оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың оңтүстігін қалың қар басады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, боран болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында аздап тұман болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы