Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін, қылмыстық әлемнің «беделдіні» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар биыл сәуір айында елорданың түнгі клубтарының күзет қызметіне ықпал ету салаларын бөлісу үшін болған жанжалға қатысуы мүмкін деген күдік келтіріліп отыр. Осы жанжал кезінде атыс қаруынан екі адам жарақат алған еді.
Сондай-ақ бұдан өзге аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген қылмыстық әрекет бойынша қылмыстық топтың басшысы ұсталды.
Күдіктілер қамқорлық көрсетуге және Ақмола облысының бизнесмендерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген, төлем ретінде өңір аумағындағы сомасы 150 млн теңге тұратын екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеуге көндірген.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және олардың басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.