$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақ тілі мен Конституцияны білуі тиіс»: Қазақстан азаматтығын алу талаптары қиындайтын болды

Екіншіден, қос азаматтық фактілеріне жауаптылықты қатаңдату көзделіп отыр.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанның азаматтық туралы заңнамасы қалай жетілдірілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Біріншіден, Қазақстанның азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді, біздің тарихымыз бен Конституциямызды қарапайым деңгейде білуге міндетті болады. Екіншіден, қос азаматтық фактілеріне жауаптылықты қатаңдату көзделіп отыр", – деді Ахметжанов үкімет отырысында. 

Егер адам Қазақстан азаматының жеке басын растайтын құжаттарды алғаннан кейін басқа елдің азаматтығын растайтын құжатты пайдаланса, көші-қон қызметі оны Қазақстан азаматтығынан айырады.

Сондай-ақ егер адам азаматтықты алғаннан кейін 6 ай ішінде бұрынғы елдің азаматтығын тоқтататыны туралы анықтама ұсынбаса, олар да Қазақстан азаматтығынан айырылады.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы заңнамада мұндай шаралар қарастырылмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары