$ 449.58  486.94  4.86

Еліміздегі жылу электр орталықтарының 66 пайызы тозған

Қазақстандағы жылу электр орталықтарының 76 пайызы 50 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр.

Қазақстандағы жылу электр орталықтарының 76 пайызы 50 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр. Орта есеппен олардың 66 пайызы тозған. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған «ҚР 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекiту туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазақстанда жылу энергиясын өндірумен 37 жылу электр орталығы және қуаты әртүрлі шамамен 2500-ге жуық жылу қазандықтары жүзеге асырады. Бүгінгі таңда бу қазандықтарының 38%, су жылыту қазандықтарының 17%, бу турбиналарының 24% және газ турбиналарының 60% өндіруші зауыттар белгілеген парк ресурсын ұзартумен пайдаланылады және кезең-кезеңмен жаңғыртуды талап етеді. Жылу электр орталықтарының 76% 50 жылдан астам жұмыс істеді, олардың орташа тозуы 66% құрайды», - делінген ашық талқыға шығарылған құжатта.

Мәлім болғандай, еліміздегі жылумен жабдықтау желілерінің орташа тозуы 57 пайыз (6,5 мың шақырым). Оның ішінде 3,2 мың шақырым желі толық ауыстыруды қажет етеді.

Тоқтала кетсек, бекітілуі мүмкін Стратегияның мақсаты – тиімді әрі төмен көміртекті даму моделін құру, балама көздерді енгізу. Атап айтқанда, қазба энергия ресурстарын жағу көлемін азайтып, тиісінше тиімді технологияларды қолдану. Ол үшін қалалар мен өңірлерге және түрлі бизнес салаларын қоса алғанда, экономикаға жасыл инвестицияларды тарту жоспарланған. Құжатта көрсетілгендей, аталған жұмыстарды кезең-кезеңімен орындай отырып, еліміз 2030 жылға қарай ауаға бөлінетін парниктік газ қалдықтарын 15 пайызға төмендетеді. Ал 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет «ҚР 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекiту туралы» Президент Жарлығының жобасын әзірледі. Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды.Екібастұздағы жылу электр орталғында болған апаттан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетика активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.Тиісінше, қазір ҚР Үкіметі мен Бас прокуратура бірқатар ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару бойынша алдын ала жұмыс жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары