$ 446.49  475.38  4.79

Сенат әйелдердің зейнет жасын ұзартуды тоқтататын заң қабылдады

Заң президентке жолданды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Cенат зейнет жасын ұзартуды тоқтататын заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Заңға сәйкес, келесі жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру уақытша тоқтатылады. Яғни Қазақстандағы әйелдердің барлығы 2028 жылға дейін 61 жаста зейнетке шығады.

Бұдан бөлек, заңға зейнетақыға қатысты бірқатар маңызды шара енгізілген. Олар:

базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту;

ортақ зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде табыстың ең жоғары шектелуін 46-АЕК-тен 55 АЕК-ке дейін арттыру.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленетінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары