Алматы қаласының Бостандық ауданының соты жергілікті тұрғынның қаңтар оқиғалары кезінде заңсыз қамауға алынғаны үшін Қаржы министрлігінен материалдық және моральдық залалдың өтемақысын өндіріп алу туралы талабын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Іс материалдарына сәйкес, қаңтар оқиғалары кезінде күзет агенттігінде жұмыс істеген ер адам басшылықтың тапсырмасы бойынша нысандарды тексеруге шығып, тексеру барысында оқ жарақатын алған. Кейін оның үстінен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Алайда іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Сонымен қатар, қылмыстық қудалау органының лауазымды тұлғалары ер адамға келтірілген залал үшін ресми түрде кешірім сұраған.
Бірақ заңсыз қамауда ұстау және қылмыстық іс қозғау салдарынан алматылыққа физикалық және моральдық зардап шегуіне байланысты, сондай-ақ отбасында материалдық қиындықтарды бастан өткеруіне байланысты адвокаттың қызметтеріне жұмсалған шығындарды өтеуді, материалдық залалды (оның ішінде жалақы бойынша жоғалтқан 640 мың теңге табысын, 825 теңге сомасында көлікке келтірілген залалды) өндіріп алуды сұрады, сондай-ақ 10 млн теңге сомасында моральдық залалды өтеуді талап етті.
Сот ер адамның төленбей қалған жалақысын өтеуден бас тартты, өйткені үкімде айтылғандай, ол өз қалауы бойынша қарастырылып отырған оқиғаларға дейін жұмыстан шықты.
"Судьялар автокөлікке келтірілген залал да өтелмейтінін айтты, өйткені талапкер көліктің өзіне тиесілі екенін және автокөліктің зақымдануы мен полицияның әрекеті арасында байланыс бар екенін дәлелдеген жоқ", – делінген сот баспасөз қызметінің хабарламасында.
Десе де, сот тергеу кезінде алматылықтың заң көмегіне жұмсалған қаражатын өтеуге қаулы етті.
Нәтижесінде ер адамға республикалық бюджеттен 500 мың теңге өтемақы төленді: 300 мың теңге моральдық залал және 200 мың теңге мүліктік залал.