$ 481.84  531.33  5.07

Қарлы боран, көктайғақ: Ескертуді елемей жолға шыққан жүргізушілер жауапқа тартылады

Жол саласының мамандары күре жолдың бойында 600-ге жуық адамға көмек көрсеткен.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрлік дерегінше, биыл қазаннан бастап көктайғақ және қарлы боран сынды табиғаттың тосын мінезінің салдарынан республикалық жолдарда көлік қозғалысын 150-ден рет шектеуге тура келді. Алайда, алыс сапарларға шықпауға кеңес берілгенімен, оған немқұрайлық танытқан көптеген адам қар құрсауында қалып жатады. Жол саласының мамандары күре жолдың бойында 600-ге жуық адамға көмек көрсеткен.

Автомобиль жолдары комитеті көлік жүргізушілеріне тұрақты негізде дауыл туралы хабарламаларды жіберіп отырады. Республикалық маңыздағы автожолдар қысқы күтіп ұстау кезеңіне ауыстырылған сәттен бастап сала мамандары тиісті ескертуді елемеген жүргізушілердің батып қалған көліктерін шығаруға мәжбүр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 232 көлік жылы бокстарға орналастырылса, 563 адам жылыту пункттеріне жеткізілді.

Автомобиль жолдарын күтіп ұстау қызметінің техникасы көлікті қар құрсауынан шығаруға немесе эвакуациялауға бейімделмеген. Соған қарамастан көмек көрсетіледі, өйткені  жолды тазалау үшін оның бойында қандай да бір кедергі болмауы тиіс.

"Осы ретте биылдан бастап ауа райының қолайсыздығына қатысты көлік қозғалысын шектеу жөніндегі хабарламаны ескермеген тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын айта кету керек. Тиісті өзгеріс Үкіметтің "Жолдардағы көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына енгізілді" делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары