Қазгидромет синоптиктері 30 желтоқсан, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан қар жауады.
Оңтүстікте, батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман болады.
Еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында жаяу бұрқасын, батысында, оңтүстігінде, орталығында – көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында - жел күшейеді.