Еліміздің бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 69-орында тұрған 20 жастағы украиналық Марта Костюкке 7:6 (7:5), 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Дәл осы жарыста Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Анна Данилина ресейлік Анна Калинскаямен бірге чехиялықтар Мириам Колодзьежова – Маркета Вондроушоваға 6:3, 5:7, 2:10 есебімен жол берді.
Осы Аделаидадағы АТР 250 жарысында Андрей Голубев пен Александр Недовесов алғашқы айналымда америкалық Макс Кресси – франциялық Альбано Оливеттиден ұтылып қалды – 6:7 (8:10), 6:7 (4:7). Осылайша қазақстандық теннисшілердің бұл жарыста жолы болмады.
Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев (308 АТР) Таиландта өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына шыға алмады. Ол жапониялық Шо Шимабукуроға (264 АТР) есе жіберді – 4:6, 6:3, 4:6.
inbusiness.kz