$ 494.87  520.65  4.91

Жерлеу үйінің басшысы 500-ден астам мәйітті бөлшектеп сатқан

Олар 560-қа жуық мәйітті туыстарының келісімінсіз бөлшектеп сатып жіберген
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тағы жерлеу үйінің директоры мәйіттерді бөлшектеп сатқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Американың Колорадо штатында жерлеу үйінің бұрынғы иесі мен оның анасы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олар қайтыс болған адамдардың денелерін кремациялау кезінде мүшелерін бөлшектеп алып қалып, кейін сатып отырған.

Тергеу мен соттың анықтауынша, 2010-2018 жылдар аралығында Меган Гесс пен оның анасы Ширли Кох 560-қа жуық мәйітті туыстарының келісімінсіз бөлшектеп, оларды заңсыз медициналық мекемелерге сатып келген. Қызы мен анасы тіптен кей мәйітті бүтіндей де сатқан.

Америка Құрама Штаттарында донорлық органдарды немесе аяқ-қолдарды беруге болады, бірақ оларды сатуға тыйым салынған. Ақыр соңында Меган Гесс 20, оның анасы 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Монтроз қаласындағы Sunset Mesa Funeral Home жерлеу қызметтері бюросына иелік еткен Гесс әдетте кремация үшін 1 мың доллар алып келген. Қайтыс болған адамның туыстары мәйітті бөлшектеуден бас тартса да, аяғын немесе өзге де дене мүшесін кесіп алып, жалған донорлық құжаттар арқылы сатып жіберген. Аталған жерлеу үйінің қызметтерін пайдаланған кейбір адамның қолына туыстарының күлін емес, бөтен адамның өртенген денесінің күлі салынған қапшықтар берілгені де анықталды.

«Бұл екі әйел аза тұту және қайғы-қасірет кезінде оларға жүгінген құрбандардың әлсіз сәттерін пайдаланды. Адамдарға қолдау көрсетудің орнына, ашкөз әйелдер жүздеген құрбанының сенімін асыра пайдаланып, олардың жақындарының денелерін бұзды», - деді ФБР арнайы агенті Леонард Каролло.

Қылмыстың ашылуына Reuters агенттігінің журналистері шығарған материал себепкер болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары