$ 441.66  475.14  4.86

«Тұнған боғауыз»: Димаш Құдайбергеннің әкесі отандық киноны сынға алды

Өте үлкен көлемде айыппұл салып, қатаң жазалауды осы саладан бастау керек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында отандық фильмдерді сынға алды.

Оның айтуынша, кейінгі кезде түсірілген фильмдердің көпшілігіндегі диалогтар - тұнған боғауыз.

"Youtube-арнасына жүктелген бейәдеп тілді кинолардың қаралымы миллиондап саналады. Өкініштісі, бұл "өнімдерге" танымал театр, кино актерлерінің де түсіп, өскелең ұрпақтың санасын улап, жастарды әдеп пен ибадан қашықтатуға барынша "үлес" қосып жүргендерін көріп жүрміз. Кино - ең мықты идеологиялық құрал. Фильм арқылы адамның санасын асқақтатып, рухани байытуға да, азғындатып, құлдыратуға да болады. Өте үлкен көлемде айыппұл салып, қатаң жазалауды осы саладан бастау керек", - деп жазған ол желіде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары