Шымкентте жолаушылар автобусы толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды "Отырар".
"Шымкентте 13 қаңтарда сағат 11.43-те Ахметов көшесінде VANHOOL маркалы автобус өртенді", - деп мәлімдеді "Шұғыл шақырту" бағдарламасының тілшісі.
Өрт кезінде оның ішінде адамдар болмаған. Төтенше жағдай себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен екі өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.