$ 441.66  475.14  4.86

Қызылжар көшелерінде жабайы еліктер «қыдырып» жүр

Қыс қатты болған жылдары оларды қолдан тамақтандырамыз.

Қызылжарда еліктер қала көшелерінде жүр. Жұрт жабайы жануарды облыс орталығының бірнеше жерінен байқап, әлеуметтік желіде видео жариялаған.

Тұрғындар жабайы аңдардың қалаға кіруін орманда азықтың тапшылығымен байланыстырып отыр. Мамандардың айтуынша, биыл теріскейде еліктердің саны күрт көбейген.

«Қазір далада қар қалың емес. Сондықтан, азық қоры жеткілікті. Ал бұл еліктер адам немесе көлікпен әлі кездесіп көрмеген. Білмеген соң, абайсыздан қалаға кіріп кеткен. Қыс қатты болған жылдары оларды қолдан тамақтандырамыз. Азық қоры жеткілікті. Олардың Ресейден бізге ауып келуіне қорық тапшылығы себеп деп ойлаймын. Өйткені, көршілес елде былтыр тың жерлердің көбі жыртылды. Әрі күзде қар жауып, соңы аязға ұласты. Жердің беткі қабаты мұзға айналды. Мұндайда еліктерге тебіндеу өте қиын», - дейді СҚО орман шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов.

Тұрғындар далада кішігірім отарларды көп кездестіріп жүргенін айтады. Ал құзырлы орган өкілдері қолайсыз күн райына байланысты қараша айында көрші Ресейден жануарлардың ірі миграциясы болғанын хабарлады. Былтыр Солтүстік Қазақстанда еліктің 15 мың басы тіркелсе, қазір оның саны еселенгені анық, дейді олар. Сала мамандары санақты ақпан айында жүргізуді жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#СҚО #Қызылжар