$ 490.84  536.88  5.04

Шымкентте жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті

Төтенше жағдай себебі анықталуда.
Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Шымкентте жолаушылар автобусы толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды "Отырар".

"Шымкентте 13 қаңтарда сағат 11.43-те Ахметов көшесінде VANHOOL маркалы автобус өртенді", - деп мәлімдеді "Шұғыл шақырту" бағдарламасының тілшісі.

Өрт кезінде оның ішінде адамдар болмаған. Төтенше жағдай себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен екі өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары