$ 494.87  520.65  4.91

«Мойын омыртқасы сынған»: Ақтауда өтіп бара жатқан адамның басына диван құлаған

Жәбірленушінің ағасы онда көпбалалы отбасы тұратынын айтқан.

Ақтауда көшеде кетіп бара жатқан адамның үстінен диван лақтырып жіберген, деп хабарлайды inaktau.

Жәбірленуші туыстарының айтуынша, ер адамның мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған. Оқиғадан соң Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған. 

"Оқиға 12 қаңтарда сағат 13:00-де облыс орталығындағы 11-шағынауданының 41-үйінде болды. Тұрғын алтыншы қабаттағы пәтерден диван тастап жіберді. Ауыр жиһаз 39 жастағы ер адамның үстіне түсті. Ол ес-түссіз жедел жәрдем көлігімен қабылдау бөлмесіне жеткізілді", делінген ақпаратта.

Жәбірленушінің ағасы онда көпбалалы отбасы тұратынын айтқан. Оқиға кезінде 12-13 жастағы жасөспірім көрінген. Олардың айтуынша, ата-аналар үйде болмаған. 

Маңғыстау облысы полиция департаменті бұл дерек қылмыстық кодекстің 114-бабы бойынша («Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру») полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестріне тіркелгенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары