17.01.2023, 20:30

«ҚазАвтоЖолға» қатысты қылмыстық іс қозғалды

Істі тергеумен Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысуда.

Алматы облысының прокуратурасы "Алматы-Шелек-Қорғас" республикалық маңызы бар жолдағы жол апаты салдарынан бір адамның қаза болуына себепкер болған қызметкерлерді жауапқа тартуға ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысының прокуратурасы жолдарды пайдалануға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 353-бабының 3-бөлігімен "Абайсызда адамның өліміне әкеліп соқтырған көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Прокуратура "Алматы-Шелек-Қорғас" республикалық маңызы бар жолдың 165-ші шақырымында жол апаты салдарынан бір адамның қаза болуына себепкер болған қызметкерлерді жауапқа тартуға ниетті. Осы апаттың негізгі себебі – көктайғақ және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның тарапынан жол жамылғысын уақтылы тазаламауы".Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, "Автомобиль жолдары туралы" ҚР Заңының 19-бабына сәйкес, жол органы және автомобиль жолдарын басқарушылар қызмет көрсететiн автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жағдайда күтiп ұсталуы үшiн жауапты.

Істі тергеумен Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысуда.