$ 443.37  474.49  4.83

Төрт жасар «калькулятор» қазақ баласы туралы не білеміз

Балақай есепке жүйріктігімен көпті өзіне қаратқан еді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ислам есімді 4 жасар баланың видеосы тараған болатын. Балақай есепке жүйріктігімен көпті өзіне қаратқан еді. Бүлдіршінге қатысты жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Экспресс К. 

Ислам Қанатбекұлы Түркістан облысы Шардара ауданына қарасты Егізқұм елдмекеніндегі қарапайым отбасында дүниеге келген. Отбасындағы төртінші перзент, үйдің кенжесі.
Әкесі Қанатбек Сайтмамбетов баласының зеректігі өз әкесінен дарыған болар деп топшылайды. Өйткені Исламның атасы есепті "шемішкеше" шағатын мықты математик болған екен.

Түркістан облысы әкімдігіндегілердің мәліметінше, балақайдың аға-әпкелері кілең беске оқитын озат оқушылар.

Қаршадай баланың өжеттігі мен қырағылығы, ой жүйріктігі мен зеректігіне жұрт әлі де таң қалысуда.

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видеоны бүлдіршіннің ерекше қабілетін байқаған көрші-қолаң мен жанында бірге ойнап жүрген достары қызық көріп түсіріп алған екен.

Балақай бүгінде балабақшаға барып жүр. Тілі 3 жасында кеш шықса да, қатарластарын басып озған Исламды ауылдастары "Есеп шығаратын бала" деп атап кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары