$ 446.49  475.38  4.79

Универсиада: Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков ел қоржынына үшінші алтын салды

Жарыс барысында ол екі атыс сызығында бірде-бір оқты бос жіберген жоқ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада 10 шақырымға спринт жарысында чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс барысында ол екі атыс сызығында бірде-бір оқты бос жіберген жоқ. Нәтиже көрсеткен уақыты- 27:51,5. Осылайша қазақстандық биатлоншы ел құрамасына үшінші алтынды салды.

Аталған жарыста екінші орын Бьорн Уэстервелтке бұйырса, үздік үштікті қазақстандық тағы бір биатлоншы Александр Мухин еншіледі.

Нәтижесінде аталған сайыста ел құрамасы бір алтын, бір қола медаль алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#биатлон