$ 442.05  474.14  4.74

Риддерде жылу электр орталығы өртеніп жатыр

Аймақ басшысы Даниал Ахметов сол жерге жолға шықты.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде Риддер қаласындағы жылу электр орталығы өртеніп жатқандығы туралы видео тарады. Бұның ақ-қарасын білу үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып көрдік.

Департаменттің баспасөз қызметі өрт шыққанын растады. Бірақ сол жерде облыс әкімдігінің жедел штабы құрылғандықтан әзірге ақпарат бере алмайтындықтарын айтты.

Осы ретте, ШҚО әкімдігіне де байланысқа шықтық. Облыстық Қоғамдық даму басқармасы қызметкерлерінің мәліметінше, қазіргі уақытта өртпен күрес жалғасуда.

«Аймақ басшысы Даниал Ахметов сол жерге жолға шықты. Штаб отырысының қорытындысынан кейін қосымша ақпарат беріледі», - деді басқарма өкілдері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары