"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, бұрқасын болып, жел күшейеді және қар жауады деп күтілуде. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда тұман түсуі мүмкін. Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары қаңтар айына ауа райы болжамын жариялаған болатын. Оған сәйкес, айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның басым аймақтарында ауа райы жиі өзгереді. Атап айтқанда, аязды күндер жылы күндермен ауысып, қарлы боран, бұрқасын және екпінді жел күтіледі.